Семсерлесуден Қазақстан әлем Кубогына қатысады
Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚРҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шпагашылар додасына Қазақстан құрама командасы да қатысады. Бұл күндері семсерлесуден Қазақстан құрамасы Мәскеуде жаттығуда. Біздің команда Ресей, Қытай және Венесуэламен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Olympic.kz Бернде жүлдеге таласатын қазақстандық шпагашылар тізімін назарларыңызға ұсынады:
Дмитрий Алексанин
Руслан Курбанов
Эльмир Алимжанов
Вадим Шарлаимов
Дмитрий Адайкин
Иван Дерябин
Ерлік Сертай
Еске сала кетейік, шпагадан Қазақстан құрама командасы Джакартадағы Азия ойындарының қола жүлдегері
Дмитрий Алексанин шпагадан жекелей сында Азиада чемпионы атанған болатын.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.