Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы 30-шы ойынын өткізді
<span style="font-style: inherit;">Бұл кездесу «Астана» қорғаушысы Сергей Малыйдың ұлттық құрама жейдесіндегі 30-шы ойыны ретінде тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;"> Сергей құрама сапында 2014 жылдың 5 наурыз күні Литваға қарсы ойында дебют жасаған болатын.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Грузияға қарсы кездесуде Малыйдан бөлек, «Астана» сапынан алты ойыншы алаңға шықты: Алексей Щеткин, Абзал Бейсебеков, Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Роман Муртазаев және Юрий Логвиненко.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Және де Логвиненко бұл кездесуде құраманы капитандық белгімен алаңға бастап шықты.</span>