«Ертіс» ел чемпионатындағы орнын сақтап қалды
Бүгін Павлодар қаласында 2019 жылғы Қазақстан Премьер лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін өтпелі кездесудің қарымта матчы өтті, деп жазады prosports.kz.
Алғашқы ойында Бірінші лигада 3-ші орын алған «Қыран» командасы өз алаңында ҚПЛ-де 10-шы орын алған «Ертісті» қабылдап, 0:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Осы ойыннан кейін-ақ келесі жылы ел біріншілігінде кім өнер көрсететіні белгілі болған. Павлодар қаласында өткен қарымта кездесуде қонақтардың ірі есппен жеңіске жетеріне ешкім сенген жоқ.
Матч нәтижесі де осыны растады. Өзінен әлдеқайда күшті алаң иелерін жеңуге шымкенттік команданың шамасы жетпеді. Есесіне, өз алаңында соқпаған голды қонақта соқты.
Қос ойынның қорытындысы бойынша еліміздің бес дүркін чемпионы 5:1 есебімен жеңіске жетіп, Премьер лигадағы орнын сақтап қалды. Болгариялық маман Димитр Димитров келесі жылы тың күшпен ел чемпионатына жорығын бастайтын болады.
Өтпелі матч
«Ертіс» - «Қыран» 2:1 (0:0)
Гол соққандар: 66’ Смаилов, 82’ Стаменкович - 76’ Абжал
«Ертіс»: Серикбол Капанов (Қ) - Дмитрий Шмидт, Милош Стаменкович, Рафкат Аслан, Руслан Есимов (К) - Илья Калинин, Владимир Воменко, Адриан Гомес, Джон Чибуике, Артем Попов - Арман Смаилов.
Қосалқы құрам: Владислав Сазонов (Қ), Джурахон Бабаханов (Қ) - Александр Кислицын - Павел Шабалин, Кирилл Шестаков, Пиралы Алиев, Нуржигит Сматов, Дору Попадюк, Карлос Фонсека.
Бас бапкер: Димитар Димитров.
«Қыран»: Мырзахмет Сейдахмет (Қ) - Дәулет Дүйсеқұлов, Серікбосын Төреханов, Абылхайр Зулфикаров - Евгений Левин, Рахматулла Жакудаев, Данабек Қуанышбай, Владимир Седельников (К) - Темірлан Әміров, Бекжан Абдрахман, Бошко Ступич.
Қосалқы құрам: Серікжан Абжал, Қайрат Абдел - Айдар Жақсыбек - Жансерік Қалдыбай.
Бас бапкер: Галымжан Тулегенов.