Грузиялық БАҚ: Қазақстан құрамасы негізінен төмен деңгейлі футболшылардан құралған
Ұлттар Лигасы аясында өтетін Грузия мен Қазақстан матчы алдында танымал грузиялық «Лело» газеті шағын материал жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>«Бірнеше көшбасшы ойыншыларын қоспаған, команда негізінен төмен деңгейлі футболшылар құралған. Оның үстіне үздік ойыншылары бабында емес. Тіпті Бауыржан Исламхан немесе азаматтығын ауыстырған сербиялық қақпашы Ненад Эрич те нашар ойнап жүр. «Астана» сапында соңғы жылдары сенімді ойынымен көзге түскен қақпашы Латвияға қарсы кездесуде болмайтын жерден көп қателіктер жіберді.</span>
<span>Қазақстандық команданың ойынында азаматтығын ауыстырған «Астананың» ресейлік қорғаушысы Евгений Постниковтің жоқтығы білінетіні сөзсіз. Оның Қазақстан азаматтығын алуға болгар маманы Станимир Стоиловтың өзі бастамашы болған</span><span>», - деп жазады грузиялық «Лело» газеті.</span>