«Реал» Каваниді сатып алуы мүмкін
«Реал Мадрид» франциялық ПСЖ шабуылшысы Эдинсон Каваниге қызығушылық тудырып жатыр.
Мадридтік команда Кавани мен Неймар арасындағы жанжалды пайдаланып, уругвайлық шабуылшыны сатып алмақ. Жақында Уругвай мен Бразилия құрамалары арасындағы матчта футболшылар жанжалдасып қалған болатын.
Осылайша, «Реал» қысқы трансфер уақытында өзінің шабуыл шебін күшейтіп алмақ.
Айта кетейік, осы маусымда Кавани Франция чемпионатында 8 матч өткізіп, 8 гол соққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или