Грузия – Қазақстан матчында португалиялықтар төрелік етеді

Грузия – Қазақстан матчында португалиялықтар төрелік етеді

Тьягу Мартинш бастаған төрешілер тобы УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Грузия мен Қазақстан ойынына қазылық етеді. Бұл туралы kff.kz мәлім етті.  

Бас төрешінің қос қапталдағы көмекшілері - Луиш Кампуш және Рикарду Сантуш. Қақпа артындағы төрешілер – Угу Мигель және Жоау Капела. Қосалқы төреші- Антониу Годинью.

Грузия – Қазақстан матчы бүгін, 19 қараша күні елорда уақытымен 23:00-де басталады. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или