Алмат Бекбаев: Байсейітов барда «Ордабасыға» оралмаймын

Алмат Бекбаев: Байсейітов барда «Ордабасыға» оралмаймын

Талдықорғандық «Жетісудың» қақпашысы Алмат Бекбаев Prosports.kz тілшісіне бергенін сұқбатында шымкенттік «Ордабасыға» әзір оралмайтынын айтты.

- Келесі жылы «Жетісуда» қаласыз ба?

- Иә. Маусым соңында келісімшартты тағы бір жылға ұзарттық.

- Демек, мансабыңызды аяқтамайсыз?

- Әрине, жоқ. Денсаулығым әлі де ойнауға мүмкіндік береді. Мысалы, өзімді жас ойыншылармен салыстырамын, жылдамдық пен физикалық тұрғыда олардан қалып тұрған жоқпын. Мансабымды әзір аяқтамаймын деп ойлаймын.

- «Ордабасыға» оралғыңыз келе ме?

- Бұл командада Байсейітов барда, «Ордабасыға» оралмаймын.

- Шымкенттік клубтың ойыншыларымен байланысып тұрасыз ба?

- Иә, хабарласып тұрамыз. Олар ештеңеге кінәлі емес қой, бәрін басшылық шешеді.

- Осы маусымда «Ордабасыға» қарсы ойындар сіз үшін ерекше болды ма?

- Солай деуге де болады. Бір жағынан, команда маған әділетсіздік жасағаны күйіндіреді. Әрине, екі-үш есе үлкен жігермен ойнадым.

- «Ордабасыдағыдай» «Жетісуда» да қаржылық қиындық жоқ па?

- Жоқ. Дмитрий Огай жұмыс істейтін командаларда қашан да тәртіп болады. Әрқашан солай жалғасқанын қалаймын. Басшылықтың, бапкерлік штаб пен ұжымның командаға деген қарым-қатынасы ұнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или