«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоу Алматыға қайта оралмақ
«Қайрат» командасының бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоу Алматыға қайта оралады.
Бұл туралы ивуарлық футболшы өзінің Instagram парақшасына жазды. Дегенмен ол сапарының мақсаты туралы ашып айтпаған.
«Мен жақын арада Алматыға келемін. Иншалла, келесі аптада. Менің екінші жүрегім, сүйемін бұл елді»,-деп жазады Жерар. Өз комментарийлерінде жанкүйерлер Гоудың «Қайратқа» қайта оралуға шақыруда.
Ол алматылық клуб сапында 2014жылдан 2017 жылға дейін ойнаған. Үш рет Қазақстан Премьер-Ригасында үздік бомбардир атанды. Содан кейін 29 жастағы форвард қытайлық «Бэйцзин Энтерпрайзес» (Д2) командасына ауысты. Бірінші лигадағы маусым аяқталды. Гоудың командасы бесінші орынды еншіледі. Жерардың өзі 11 матчта 10 доп соқты және 2 нәтижелі пас берді.