Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербиямен тең тарқасты
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды prosports.kz.
Солтүстік Ирландия елінде өтіп жатқан іріктеу кезеңінің бірінші ойынында Александр Кузнецов шәкірттері сербиялық жас футболшылармен кездесті.
Бұл жұптың фавориті Сербия екені сөзсіз еді. Алайда, бірінші тайм қорытындысы күтпеген жерден 0:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.
Өкінішке орай, жасөспірімдеріміз жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Екінші таймда күш алған сербиялықтар есепті теңестіріп кетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қарсыластарының қатарында Сербиядан бөлек Польша және Солтүстік Ирландия бар.
Сербия U19 - Қазақстан U19 - 2:2

Гол соққандар: '26 Скворцов (0:1)
'33 Жақыпбаев (0:2)
'54 Влахович (1:2)
'79 Видославлиевич (2:2)