ТОП-10. Ең көп ақша алатын футболшылар
Танымал италиялық журналист Танкреди Палмэри Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында әлемдегі ең көп ақы алатын 10 футболшының есімін жариялады.
Ең жоғары жалақы «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиде (40 миллион еуро). Екінші орында - туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду - 31 миллион еуромен. Үздік үштікті франциялық «Пари Сен-Жермен» футболшысы Неймар қорытындылады, ол жылына 30 миллион алады.
4. «Виссел Кобе» клубының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста (25 миллион),
5. Қытайлық «Шанхай Теллэйстың» жартылай қорғаушысы Оскар (24 миллион),
6. «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Алексис Санчес (22,5 миллион),
7. Мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн (20 миллион),
8. «Шанхай СИПГ» шабуылшысы Халк (20 миллион),
9. «Хэбэй Чайна Форчун» қорғаушысы Хавьер Маскерано (19 миллион)
10. Катарлық «Аль-Садд» жартылай қорғаушысы Габи (19 миллион).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или