«Астана» сапынан сегіз ойыншы Солтүстік Ирландияға аттанды
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Солтүстік Ирландияда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойындарын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Қазақстандықтар Солтүстік Ирландия, Сербия және Польша құрамаларымен бір топта ойнайды.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">«Астана» сапынан Қазақстан Жасөспірімдер құрамасына 8 ойыншы шақырту алды: қақпашы: Владислав Саенко, қорғаушылар: Жантөре Жұмаділов, Әлім Ілиясов, жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, және шабуылшылар Мади Жақыпбаев және Лев Скворцов. </span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Және жасөспірімдер құрамасына қорғаушы Әділжан Дүйсембаев та шақырту алған еді. Алайда, 17 жастағы астаналық жарақатына байланысты құрама сапына барған жоқ.</span>