Марин Аничич – «Астананың» 2018 жылғы ҚПЛ-дағы ең пайдалы ойыншысы
Премьер-Лига маусымы «Астана» командасы үшін өте сәтті аяқталды. «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі ойыншының алаңда өткізген уақытында қанша доп айырмашылығы болғандығына сәйкес, футболшылардың тиімділік коэффицентін есептеді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.
Жалпы қорытындыда қорғаушы Марин Аничич 2018 жылғы футбол маусымының ең пайдалы ойыншысы атанды. Оның тиімдіклік коэффиценті +41-ге тең. Аничич 2018 жылғы ҚПЛ-да 27 ойында алаңға шығып, 2 нәтижелі пас берген.
Екінші орында Марин Томасов. Хорватиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 14 гол соғып, 16 нәтижелі пас беру арқылы осы маусымдағы команданың үздік сұрмергені атанды. Томасовтың тиімділік коэффиценті +40.
Үздік үштікті Дмитрий Шомко қорытындылады. «Астананың» вице-капитаны 22 ойында алаңға шығып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Шомконың көрсеткіші +35

Үздік бестік:
1)Марин Аничич +41
2)Марин Томасов +40
3)Дмитрий Шомко +35
4)Иван Маевский +34
5)Абзал Бейсебеков +33