Астананың аязына шыдамаған футболшы Қазақстаннан кетпекші
«Астананың» сапында өнер көрсететін әзірбайжандық футболшы Ричард Алмейда басқа командаға ауыспақшы. Аяқдопшы бұл шешімін елорданың суық ауа райымен байланыстырып отыр.
Әзірбайжандық жартылай қорғаушы алдағы уақытта «Карабах» футбол клубына қайта оралуды жоспарлауда. Бұл туралы Аzerisport.com сайты xабарлады.
- Бастапқыда мен «әл-Жазираға» өтуге тиіс едім. Алайда, «Астана» клубының бапкері менің менеджеріммен кездесу өткізуді сұрады. Мен бұл ұсыныстан бірнеше мәрте бас тартқан болатынмын. Бірақ отбасыммен ақылдаса, ақыр-соңында «Астанамен» екі жылдық келісімшартқа отырдым.
Бұл елдегі чемпионат жақсы, алайда мен «Карабахқа» қайтқым келеді. Мүмкін Қазақстанда тағы бір жыл қалатын шығармын. Мұнда бәрі жақсы, тек ауа райы мен үшін тым суық,- дейді футболшы.
Айта кетейік, 29 жастағы Альмейда елордалық клуб сапына жазда ғана өткен болатын. Ол «Астана» құрамында 16 ойынға қатысып, Қазақстан чемпионат аясында бір гол соқты.