Исаэль «Қайрат» сапынан кетеді
Андрей Аршавиннің ізімен алматылық «Қайрат» сапынан тағы бір көшбасшы кетеді.
Исаэль «Қайратқа» 2014 жылы ауысқан болатын. Клубпен бірге төрт рет Қазақстанның вице-чемпионы атанды, тағы бір мәрте қола медаль иеленді. Одан бөлек, бразилиялық футболшы үш рет ел Кубогында жеңіске жетсе, екі мәрте Суперкубок алды.
Алматылық клуб сапында Исаэл 120-дан астам матчқа қатысып, 37 гол соқты. Transfermarkt.de порталының бағалауы бойынша, Исаэльдің трансферлік құны 2 млн еуроны құрайды.
Айта кетейік, футболшы өз мансабында «Қайраттан» бөлек бразилиялық «Ресифе», «Коритибу», «Форталезу» және «Сан-Каэтано», түркиялық «Гиресунспор», португалиялық «Насьонал» және ресейлік «Краснодар» сапында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или