Нұрбол Жұмасқалиев футболшы мансабын аяқтады

Нұрбол Жұмасқалиев футболшы мансабын аяқтады

Марапаттау рәсімінде қазақ футболының аңызы Нұрбол Жұмасқалиев өзінің соңғы голын соққанын айтты.

- Құрметті жанкүйерлер, футболсүйер қауым! Бүгін облыс футболы үшін, жанкүйерлер үшін ерекше күн. Алдымен, футболшылардың атынан облыс әкімі Архимед Бегежанұлына бізге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіргім келеді. Жанкүйерлерге ықыласым шексіз, алдағы уақытта олар біздің стадионды қуанышқа толтыратынына сенемін! Жігіттерді құттықтаймын! Олар ерледі. Олар өздерінің әлеуетін көрсетті. Мен сіздер үшін қуаныштымын. Сіздермен бірге ойнағаныма ризамын. Бапкерлер мен клуб әкімшілігіне де алғыс көп, - деді Нұрбол Жұмасқалиев қоштасу сөзінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или