Григорий Бабаян: Топтық кезеңінен шығу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз

Григорий Бабаян: Топтық кезеңінен шығу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз

«Астана» футбол клубы Қазақстан Премьер-Лигасының соңғы турында өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдап, 4:0 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңына елорда командасы бас бапкерінің уақытша міндетін атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті: 11 Қараша, 2018

- Турнирлік кестедегі  ешқандай мотивацияның жоқтығына қарамастан және «Яблонецке» қарсы кездесуде кеткен эмоцияны ескеретін болсақ, біздің футболшылар жанкүйерлер үшін барын салды. Жалпы алғанда маусым бір қалыпты, артық тоқыраусыз өтті. Орын алған қиындықтарға қарамастан, бесінші чемпиондыққа қол жеткізу жолында барын салған футболшыларға ерекше алғыс айтамын.  Оған қоса, біздің жанкүйерлерді, клуб басшылығын, демеушілерді және осы жеңіске үлесін қосқан барлық жандарды бесінші рет қатарынан қол жеткізген чемпиондықпен құттықтаймын!

- Александр Мокин бірінші таймда маусымның ең үздік соққысын қайтарды дей аласыз ба?

- Маусымның дегеніңбен келіспеймін, алайда, Мокин өте қиын соққыны қайтарды.

- Педро Энрикенің бүгінгі алаңдағы ойынына қандай баға бересіз?

- Мен ешкімнің ойынына баға бергім келмейді. Себебі, кездесу өте қиын болды. «Яблонецке» қарсы кездесуден кейін физикалық тұрғыда толықтай қалыпқа келіп үлгергенімізбен, эмоциялық тұрғыда қиын болды. Кездесу барысында көп қателіктер жібердік. Дегенмен, дәл қазір ешкімнің қатесін термей, қол жеткізген бесінші чемпиондыққа қуануға тиіспіз.

- «Динамоға» қарсы ойынға дайындық қалай болмақ?

- Дәл қазір команда сапындағы көптеген ойыншылар өз ұлттық құрамаларына аттанады. Біз небәрі 23-ші қараша күні толық құрамда қайта жиналамыз. Біздің бұл ойынға дайындалуға 6 күндей уақытымыз болады. Осы аралықта команданың дайындығы үшін жолдастық кездесу өткізгенді жөн көріп отырмыз. «Динамоға» қарсы ойын қиын болары сөзсіз. Біз Еуропа Лигасындағы өз алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін, барлығына дайын болуымыз қажет.

- Көктемде командада аздап құлдырау болған еді. Осыны немен байланыстырасыз?

- Мен олай айтпаған болар едім. Біз маусымның барлық бөлігін бірқалыпты жағдайда өткіздік. Біз Еуропа Лигасының 1/16 кезеңіне ерте дайындықты бастағандықтан, аздаған қиындықтар болғаны түсінікті. Оған қоса, наурыз айынан бастап біздің құрамда 12 ойыншы жарақат алды. Сондықтан, команданың өз жолына түсуі қиынға болды. Біз орын алған қиындықтарға қарамастан, өз жолымызға түсіп, қажетті ұпайларымызға қол жеткіздік. Бәрі біз жоспарлағандай болды. Біз Еуропа Лигасының топтық кезеңінен шығу үшін, қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз.

- Өзіңізді осы маусымның ең үздік бас бапкерімін деп есептейсіз бе?

- Команданың жеткен жетістігіне бірінші кезекте ойыншылардың еңбегі сіңді. Одан кейінгі кезекте, осы футболшылар үшін барлық жағдайды жасаған клуб басшылығы және бапкерлер құрамының еңбегі зор. Сондықтан, мен өзімді үздікпін деп санамаймын. Мен барынша өз жұмысымды сапалы жасағым келеді.

- Кейбір футболшылардың маусым соңында «Астанамен» келісімшарты аяқталады. Осы ойыншылардың келісімшартын ұзарту жоспарда бар ма?

-  Менің білуімше, қазіргі құрамнан 90% ойыншылардың келісімшарттары бар. 2-3 ойыншымен келіссіздер жүргізілуде.

- Саян Хамитжанов клуб сапынан қашан кететінін нақты айтты ма?

- Бұл сұрақты өзіне жолдағаныңыз дұрыс болар. Ол  кісінің клуб сапынан кетуі, клуб үшін ғана емес, Қазақстан футболы үшін де қиын болмақ.

- 6 чемпиондыққа қол жеткізу мүмкіндіктеріңізді қалай бағалайсыз?

- Біз небәрі бес минут бұрын ғана, ресми түрде 2018 жылғы Қазақстан Чемпионы атандық. Сондықтан, алдыға жүгіргім келмейді. Мен біздің келесі маусымда да алтын жүлде үшін таласатынымызға сенемін. Алайда, жүлдегерлер туралы айту ерте

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или