«Қайраттың» бұрынғы бапкері Аршавинге арнап жазба қалдырды
Алматылық «Қайрат» футбол клубының бұрынғы бапкері Карлос Алос Феррер өзінің парақшасына Андрей Аршавинге арналған жазба қалдырды. Бұл туралы Nur.kz жазды.
Испан жаттықтырушысы «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысына алматылық клубтағы соңғы ойын алдында сәттілік тілеген.
«Сенің бапкерің болу маған жақсы әсер сыйлады. Сенің алаң сыртындағы өміріңнің жаңа тарауында бар жақсылықтары тілеймін», - деп жазған ол Аршавинге.
Естеріңізге сала кетсек, 37 жастағы ресейлік легионер Андрей Аршавин өзі өнер көрсетіп жүрген «Қайрат» футбол клубынан кететін болды. Оның соңғы ойыны бүгін, яғни 11 қараша күні өтпекші.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или