«Боруссия» «Бавариядан» айласын асырды

«Боруссия» «Бавариядан» айласын асырды

Дортмундтық «Боруссия» Германия чемпионатының 11-турында «Баварияны» қабылдады.

Ойында жанкүйерлер бес гол көрді. Дортмундтық жанкүйерлердің қуанышына орай, үш голды алаң иелері соқты – 3:2.

«Боруссия» сапынан Марко Ройс дубль жасаса, Пако Алькасер бір рет қанжығасын майлады. Ал «Бавария» сапынан екі голды Роберт Левандовски салды.

Осылайша, «Боруссия» Бундеслигада көш бастап келеді – 27 ұпай. Үшінші сатыдағы «Бавария» олардан 7 ұпайға қалып тұр.  

«Боруссия» (Дортмунд) – «Бавария» (Мюнхен) 3:2 (0:1)

Голдар: Левандовски 26 (0:1), Ройс 49 (пенальти – 1:1), Левандовски 52 (1:2), Ройс 67 (2:2), Алькасер 73 (3:2)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или