Киберспорттан Чемпиондар лигасы өтеді
Electronic Arts компаниясы УЕФА-мен бірге киберспорттан Чемпиондар лигасын ұйымдастырады.
Чемпиондар лигасы FIFA eWorld Cup 2019 аясындағы турнирлердің бірі болмақ. Бұл жарыстың әлемдік кезеңі 2-3 наурызда өтіп, PlayStation 4 приставкасымен ойнатылады. Ал үздік 64 ойыншы 26-27 сәуірде оффлайн-турнирге қатысады.
Чемпиондар лигасының финалында әлемнің үздік 8 спортшысы бақ сынайды. Ақтық матч 31 мамырда Мадридте өтеді.
Айта кетейік, бұл турнирдің жеңімпазы 100 мың доллар жүлде алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или