Жұмысынан қуылған Конте 23 миллион фунт талап етіп отыр

Жұмысынан қуылған Конте 23 миллион фунт талап етіп отыр

12 шілдеде Челсиден босатылған италияндық жаттықтырушы Антонио Конте Лондон клубы «Челсиді» сотқа бермекші, деп хабарлайды Prosports.kz

The Times газетінің хабарлауынша,<span> </span><span>Абрамович оны маусым аяқталғаннан кейін бірден емес, ал жаздың ортасында жұмыстан босатты.</span> 

«Челсидің» бұрынғы жаттықтырушысы өз мансабын жалғастыруға кешіктім деп санайды, 2018/19 маусымының басталуына дейін итальяндықтың жаңа жұмыс табуы екіталай.

Келісімшарты аяқталмаған Конте англиялық клуб басшылығынан 23 миллион фунт (13 млн - жұмысынан қуғаны үшін, 10 млн - беделіне нұқсан келтіргені үшін) көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Конте 2016 жылдың жазынан лондондық клубты басқарып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или