Қазан айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

Қазан айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды
ҚКФЛ қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz  
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Қазан айының ең үздік футболшысы атағын «Астана» командасының 20 жастағы жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов иеленді.
 
Қазан айының ең үздік футболшысы атағын «Астана» командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян алды. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или