Әлім Ілиясов: Жай ғана жолымыз болмады

Әлім Ілиясов: Жай ғана жолымыз болмады

УЕФА Жасөспірімдер Лигасы аясындағы «Астана U19» - «Динамо U19» (1:1) матчынан кейін астаналықтардың қорғаушысы Әлім Ільясов ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

<span>— «Динамо» футбол академиясы Еуропадағы үздік мектептердің бірі екенін білетін едік. Ол жерден көптеген жоғары білікті футболшылар шыққан. Сондықтан да біз бапкерлер құрамының ойынға құрған тактикасын орындап, өз футболымызды ойнауға тырыстық. Жіберіп алған голды есептемегенде, матчты жақсы өткіздік деп ойлаймын. </span>

— Осы ойында жақсырақ нәтижеге жету үшін не жетіспеді?

<span>— Меніңше, жай ғана жолымыз болмады. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдала алмадық, ойын соңында соның құнын төледік. </span>

— «Динамо» биік бойлы ойыншыларымен шабуылдады, оларға қарсы ойнау қиын болды ма?

<span>— Біз олардың ойыншыларына дайын болдық. Біз «Динамо» шабуылшыларының күшті және әлсіз тұстарын білдік, сондықтан да оларға қарсы тұра алдық.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или