Андрейлер Аршавиннің «Қайраттағы» соңғы ойынына тегін кіреді
Андрей есімді жанкүйерлер «Қайраттың» биылғы Қазақстан чемпионатындағы соңғы матчына тегін кіреді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
<span>Еске сала кетейік, бұл - Андрей Аршавиннің алматылық клуб сапындағы соңғы ойыны.</span>
<span>«Егер сіздің атыңыз Андрей болса, чемпионаттың соңғы «Қайрат» - «Шахтер» ойынына тегін кіре аласыз. Ол үшін жай ғана Орталық стадионның кассасына келіп жеке куәлігіңізді көрсетсеңіз жетіп жатыр. Бір билетті қолыңызға ұстатады», - делінген клубтың мәлімдемесінде.</span>
<span>Андрей Аршавин «Қайратпен» қош айтысатын ойын 11 қараша күні Алматының Орталық стадионында өтеді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или