Марин Томасов «Астананың» ТОП-7 голедорларының қатарында
Марин Томасов «Қайратпен» кездесуде «Астананың» алғашқы голын соқты. Бұл ойын 3:2 есебімен елорда командасының пайдасына шешілді.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Хорватиялық футболшы осы голының арқасында Қазақстан командасында соққан доптарының санын 19-ға жеткізді. Сөйтіп, Сергей Остапенкомен теңесті. Қазіргі кезде екеуі «Астана» клубының тарихындағы снайперлердің тізімінде 7-8 орындарды бөлісіп тұр.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">«Астананың» қазіргі құрамынан Томасовтың алдын тек<span> </span></span><span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Джуниор Кабананга орап тұр. Оның еншісінде 38 гол бар. Ал бірінші орынға Патрик Твумаси жайғасқан. Ганалық футболшы елорда клубында жүргенде 69 гол соққан. Екінші орында Таңат Нөсербаев тұр (54).</span>