2 миллион айыппұл салынған Рональдиньоның шотынан 6 еуро ғана табылды
Жақында ғана бразилиялық атақты футболшы Роналдиньо қарыздарының кесірінен паспортынан айырылған еді.
Marca порталының мәлімдеуінше, 2015 жылы бразилиялық футболшыға тыйым салынған жерде қойма және балық аулау платформасын салу арқылы қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 2,5 млн доллар айыппұл төлеуді міндеттеген еді.
Алайда Роналдиньо айыппұлды төлемегендіктен, сот оның паспортын алып қойған.
Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатының прокуратурасы Рональдиньоның шотында небәрі 6 еуро ғана қалғандығын анықтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или