Мужиков «Астана» тарихындағы үздік ассистенттердің тізімінде үштікке енді
«Астана» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков «Қайратқа» қарсы кездесуде екі нәтижелі пас берді.
<span>Оның жасаған пасынан кейін, Бактиер Зайнутдинов пен Роман Муртазаев көзге түсті. Осылайша, Мужиков «Астана» сапында берген нәтижелі пастар санын 27-ге жеткізді. </span>
<span>Серікжан осы нәтижесі арқылы клуб тарихындағы үздік ассистенттердің тізімінде үштікке енді. </span>
<span>«Астана» құрамында Мужиковтан көп нәтижелі пас берген екі ғана ойыншы бар: Фокси Кетевоама (51 голдық пас) мен Дмитрий Шомко (36). </span>
<span>Клуб тарихындағы үздік ассистенттердің ондығында қазіргі құрамынан Марин Томасов (21 пас), Абзал Бейсебеков (17) және Роман Муртазаев (16) бар.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или