Саят Жұмағалидің голы - қазан айының үздігі
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының қазан айының үздік голы авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
Қазан айының үздік голы атағына үш үміткер болды. Оның екеуі «Ақтөбе» ойыншылары - Саят Жұмағали және Сильва Рейнальдо. Үшіншісі - «Астана» ойыншысы Марин Томасов.
Дауыс беру Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайыт мен «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі @pflkaz парақшасында өтті.
Қазан айының үздік голы атағына «Ақтөбе» қорғаушысы Саят Жұмағали ие болды. Оны сауалнамаға қатысқандардың 50,3% қолдады.
Үздік үштік келесідей:
1. Саят Жұмағали голы (Ақтөбе – Астана) – 2080 дауыс;
2. Марин Томасов голы (Астана - Ордабасы) – 1089 дауыс;
3. Силва Рейнальдо голы (Ақтөбе - Қызыл-Жар СК) – 966 дауыс.
Саят Жұмағали голы маусым қорытындысы бойынша үздік голды анықтайтын сауалнамаға қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или