Руни Англия құрамасына оралып, қоштасу матчын өткізеді

Руни Англия құрамасына оралып, қоштасу матчын өткізеді

«Ди-Си Юнайтед» шабуылшысы Уэйн Руни АҚШ командасымен жолдастық матч өткізу үшін, Англия құрамасына қайта оралады. Бұл туралы Англия футбол қауымдастығының ресми сайты жазды.

Бұл кездесу 15 қарашада «Уэмбли» стадионында Рунидің қайырымдылық қорын қолдау мақсатында өтеді. Уэйн үшін бұл Англия құрамасындағы 120-шы әрі ең соңғы матчы болмақ.

Руни ұлттық құрамадағы мансабын 2016 жылы аяқтаған болатын. Ол ұлттық команда сапында 119 матч өткізіп, 53 гол соққан. Футболшы англиялық құраманың үздік сұрмергені саналады.

Осы маусымда форвард «Ди-Си Юнайтед» сапында 20 матч өткізіп, 12 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или