Андрей Сидельников – «ҚПЛ-2013-тің» үздік футболшысы

Андрей Сидельников – «ҚПЛ-2013-тің» үздік футболшысы

«PROСПОРТ» Қазақстан сайты былтырғы маусымдағы Қазақстан Премьер-лигасының үздік футболшысын анықтады. Сауалнамаға қатысқан үздік он ойыншының арасында, «Ақтөбе» қақпашысы Андрей Сидельников жеңіске жетті.

Былтырғы маусымда жақсы қырынан көрінген футболшылар көп болды. Сондықтан, біз үшін үздікті анықтау қиын болды. Дегенмен, «Ақтөбе» мен «Астана» соңына дейін чемпиондық атаққа талас жүргізіп, нәтижесінде батыс қазақстандықтар ел чемпионы атанды. Андрей Сидельниковтың қақпадағы тамаша ойыны болмаса, «Ақтөбенің» жеңіске жетуі екі талай еді. Андрей өзіне деген сенімділігі арқасында әріптестерінің бойынан жігер тудыратын қасиеті бар. Физикалық дайындығы да тамаша. Тар жол тайғақ кешу сәтте сабырлығын жоғалтпайтын қасиеті оны өзге қақпашылар арасында ерекше етеді. Айта кетер жайт, Сидельников «Алтын доп» марапаттау рәсіміне қатысқан жалғыз қазақстандық ойыншы. Есіңізде болса, 2011 жылы ең көркем голдың авторы атанып Ференц Пушкаш сыйлығын ұтқан Хамит Алтынтоп әдемі голды Андрейдің қақпасына соққан. Яғни қақпашымыздың да сыйлыққа бар үлесі.

Андрей - мәскеулік «Спартак» футбол мектебінің түлегі. Спортпен алты жасынан бастап айналаса бастады. Оның қақпаға тұру қабілетін голландиялық «Херенвеен» командасы байқады. Артынша ол жасөспірімдер командасына шақырылып бір жылдан соң «Спартакқа» қайта оралды. Үш жыл бойы фарм-клубта тәжірибе жинаған Андрей сосын Махачкалаға аттанады. Тамбов, владикавказ, нальчиктік «Спартактар» командаларында ойнады. Кейін минскілік «Динамода» өнер көрсетті. «Ақтөбеге» көшер алдында «Орел» командасында тер төкті.

«Ақтөбенің» чемпиондық маусымынан кейін Владимир Мұқанов тәжірибелі қақпашыны іздеді. Таңдау жиырма сегіз жастағы Сидельновке түсті. Ол кездері «Ақтөбенің» негізгі қақпашысы Андрей Морев болатын. Бірақ, келесі маусымнан бастап Сидельников негізгі құрамға ілініп, қақпадағы орнын ешкімге бермеді. Жыл өте жанкүйердің көзайымына айналды. Оның шеберлігін Қазақстан футбол Федерациясы да байқады. Ұлттық құрамаға шақырту алғаны соған дәлел. Андрей 1-ші нөмір деген жейдені Оманмен өткен матчта киді. Жігіттер 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Қазіргі таңда ұлттық құрамада Андрейден өзге қақпашыны елестету қиын.

Былтырғы Маусымда Сидельников премьер-лигада 28 кездесу өткізді. 14 матчта гол жібермеді. Жалпы 19 доп өткізіп алған екен. Қазақ футболының тарихында бірде-бір голкипер мұндай көрсеткішке жетпеген. «Брейдабликке» қарсы өткен ойында пенальти сериясы тебіліп, Андрюха төрт соққыны қайтарды. «Сауатты қақпашы – жарты командамен тең» деген осы.

Андрейдің мінезі - ақ-жарқын. «Спартакты» жиі еске алады екен, экстрималды спорт түрлерін ұнатады. Парашюттан секіріп, мотоциклдің құлағында ойнайды.

«Менде мотоцикл бар, мотокростан дайындық жаттығуларына қатысамын. Алайда, менің кәсіби мансабым мотоциклмен толықтай айналасуға мүмкіндік бермейді. Айдағанда абай болуым керек. Парашюттан секіргенді де ұнатамын», – дейді Андрей.

Жіберген қателіктерінен сабақ алады және оны мойындай білетін қақпашы. Жеңілген кездесулерін есінде жақсы сақтайды, сонымен қатар онымен алаңға шыққан ойыншылардың бәрін жатқа біледі. Сидельников Ұлттық құраманың жарқын болашағына сенеді.  Жиі шабуылдап, комбинациондық ойын өрнегін қалайды.

Келесі маусым Андрей үшін манызды болмақ, алда – чемпиондық атағын қорғау, суперкубок пен Чемпиондар Лигасының іріктеу кезең ойындары күтуде. Андрей, бірақ, салмақты. Ылғи да әріптестеріне көмектесуге дайын.

«PROСПОРТ» Қазақстан сайты Сидельниковке алдағы маусымды сәтті өткізіп үлкен жетістерге жетуіне тілектес!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или