Бабаян: Чемпион болғаннан соң бес күн тойладық

Бабаян: Чемпион болғаннан соң бес күн тойладық

«Астана» футбол клубы Премьер-Лига аясында өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, тартысқа толы кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында елорда командасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

-         Біздің ойын нәтижесіне толықтай көңіліміз толады. «Қайратқа» қарсы ойын екі астана арасындағы теке-тірес. Алайда, ойын барысына көңілім толды дей алмаймын. Біз чемпиондық атаққа қол жеткізгеннен кейін, бес күн бойы тойладық. Ал бес күн бойы дұрыс жаттығу жұмыстарын жүргізбей, бүгінгідей ойында алаңға шығып, өз ойыныңды көрсету өте қиын. Сондықтан, бүгін алаңға шыққан ойыншылардың барлығына айтар сыным бар. Бұл кездесу «Яблонецке» қарсы ойын алдында біздің есімізді бір жиып алуға көмектеседі деп ойлаймын.

-         Ненад Эричтің жағдайы қалай?

-         Қарсылас ойыншысымен қақтығысып қалғаннан кейін, Ненад аздап басының айналып тұрғанын айтты. Содан кейін, оны алмастырғанды жөн көрдік. Дәл қазір нақты жағдайы қалай екендігін айту қиын.

-         Ойын соңында Рангело Янга алаңға шығуға дайындалып тұрғанымен, артынша Абзал Бейсебековты шығардыңыз. Өз ойыңызды өзгертуге не себеп болды?

-         Мен Бактиер Зайнутдиновтың аздап ауырсынып тұрғанын байқағаннан кейін, ойымды өзгертуге тура келді.

-         Қарсылас команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карповичпен қандай қарым қатынастасыз?

-         Біз Андреймен бірінші кезекте өте жақсы доспыз. Жалпы алғанда, оның бапкерлік жолдағы алғашқы қадамына сәттілік тілегім келеді. Бапкер болу жолы шынын айтсам, оңай дей алмаймын. Әрқашан жанкүйерлер тарапынан, барлық жағынан қысымда боласың. Дегенмен, мен Андрейге «Қайрат» сапында сәттілік тілеймін.

-         Дмитрй Шомко «Яблонецке» қарсы кездесуге дейін өз бабына келіп үлгере ме?

-         Өкінішке орай, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко және Алексей Щеткин «Яблонецке» қарсы нақты алаңға шықпайды.

-         Эрич жарақат алып қалды. Ал Александр Мокин соңғы ойындарда қателікке бой алдырып жүр. Осы тұрғыда сізде қандай да бір қорқыныш бар ма?

-         Ешқандай да қорқыныш жоқ, қателік барлығында болады. Бүгін алаңға шыққан ойыншылар қанша қателік жіберді, алайда, бұл футбол. Қателіктермен жұмыс жасап, алға жылжитын боламыз.

-         Егер «Қайратқа» қарсы кездесу өткен аптада болған жағдайда, «Шахтерға» қарсы ойнаған жастарға мүмкіндік берер ме едіңіз. Әлде, негізгі құрамды шығарасыз ба? Жалпы «Яблонецқа» қарсы ойыннан кейін «Ертіске» қарсы қандай құрамда ойнау жоспарыңызда бар?

-         Егер бұл ойын осыған дейін болғанда, ол кезде ойланатын едік. Қарағандыдағы ойын негізі біз үшін өте маңызды болған. Алайда, алаң сапасы сын көтермегендіктен, жарақат алып қалу қауіпі жоғары болғандықтан қосалқы құрам ойыншыларын жіберуге тура келді. Ал біз «Ертіске» қарсы өз алаңымызда, жақсы жағдайда, жанкүйерлер алдында ойнаймыз.  Мүмкін кейбір ойыншыларға демалыс берерміз. Алайда, тек жастар ойнайды дей алмаймын.

-         «Астана» бүгінгі ойында қанша гол соққысы келсе, сонша соғатындай көрінді. Осы пікірмен келісесіз бе?

-         Шынын айтсам, мен көп гол соққанын қалаған едім. Бізде ойын соңын ешқандай қысымсыз аяқтау үшін, гол соғатын мүмкіндіктер болған. Шабуыл шебінде өте көп мүмкіндік болды. Дегенмен, мен ойыншылардың сауатты қорғанғандығын да қалаймын. Бізді алда еуропалық деңгейдегі ойын күтіп тұр. Ол жерде бүгінгідей қателіктер кешірілмейді.

-         Алматылықтар қақпасына үш гол жібергендігіне қарамастан, «Қайрат» сапынан бүгінгі ойында қақпашы үздік болды дей аласыз ба?

-         «Қайрат» ойыншылары алаңға үлкен мотивациямен шыққандығы анық байқалды. Бүгінгі ойын олар үшін де, біз үшін де өте маңызды болатын. Олар қызуқанды ойын көрсетті, өйткені, олардың құлшынысы жоғары болды.

-         «Яблонец» пен «Қайратты» салыстыратын болсаңыз, қайсысы мықты?

-         Бұл екі команданы салыстыру өте қиын. «Яблонец» қызуқанды футбол ойнаса, «Қайрат» доппен ойнағанды жөн көреді. «Қайрат» пен «Яблонец» өте жақсы командалар.

-         Бұл жолғы чемпиондық атақ оңай келді дей аласыз ба?

-         Чемпиондық атақ ешқашан оңай келмейді. «Қайрат» алғашқы төрт жылда маусым басында өте көп ұпай жоғалтқан болса, осы жылы керісінше маусым соңында жеңіліп жатты. Жалпы алғанда, «Қайрат» соңына дейін күресетін, өте мықты команда. Менің ойымша, келесі маусымдарда да тартыс жалғасады. Алайда, чемпионаттың деңгейі арту үшін тағы да деңгейі жоғары 2-3 команда болуы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или