«Астана» мен «Қайрат» бес гол соқты

«Астана» мен «Қайрат» бес гол соқты

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 32-турында елордада «Астана» мен «Қайрат» кездесті.

Бұл турдың орталық матчы болғанымен, турнирлік кестеде ешқандай маңызды емес еді. Себебі «Астана» бірінші, «Қайрат» екінші орынды еншілеп қойған болатын.

Соған қарамастан матч тартысты болды. «Астана Аренада» жанкүйерлер бес голдың куәгері болды.

Есепті 22-минутта Магомед Парагульков ашқан. 35-минутта Марин Томасов өз шеберлігінің арқасында таразы басын теңестіріп тастады. Араға бар болғаны үш минут салып, Бактиер Зайнутдинов алаң иелерін алға шығарды.

Ойынға тыңнан қосылған Адеринсола Эсеола 60-минутта есепті 2:2 қылған болатын. Бірақ бұл есеп таблода бір минут қана сақталды. Роман Мұртазаевтың дәл соққысы «Астанаға» жеңіс сыйлады – 3:2.

«Астана» - «Қайрат» 3:2 (2:1)

Голдар: Томасов 35, Зайнутдинов 38, Муртазаев 61 – Парагульков 22, Эсеола 60

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или