Хави: Месси 40 жасқа дейін ойнай алады
«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы, бүгінде «Аль-Садд» сапында ойнайтын Хави бұрынғы клубтасы Лионель Месси жайлы ойын айтты.
«Кейде ол 38, 39, 40 жасқа дейін ойнай береді деп ойлаймын. Жасың келгенде нені жоғалтасың? Жылдамдық па? Ол ойлау жылдамдығын жоғалтпайды, Мессиді ешкіммен салыстыруға болмайды. Ол өзі қалаған кез келген позицияда ойнай алады. Месси алаң ортасына ығысып, жемісті жұмыс істейді, тіпті, қорғаныста да ойнай алады», - деді Хави.
Осы маусымда Месси Испания чемпионатында тоғыз матч өткізіп, 7 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или