ПСЖ рекорд орнатты
Франция чемпионатының 12-турында ПСЖ «Лилльді» жеңіп, ерекше рекорд орнатты.
Париждік клуб 12 ойынның бәрін де жеңіспен аяқтаған. Осылайша, Еуропаның топ-5 лигасында мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы клуб атанды.
Бұған дейінгі рекорд англиялық «Тоттенхэмге» тиесілі болған. Ол 1960/61 жылы маусымның алғашқы 11 матчында жеңіске жеткен еді.
Бас бапкер Томас Тухельдің жаттықтыруымен ПСЖ ішкі біріншілікте мына клубтарды жеңді: өз алаңында – «Кан» (3:0), «Анже» (3:1), «Сент-Этьен» (4:0), «Реймс» (4:1), «Лион» (5:0), «Амьен» (5:0) және «Лилль» (2:1), сырт алаңда — «Генгам» (3:1), «Ним» (4:2), «Ренн» (3:1), «Ницца» (3:0) және «Марсель» (2:0).
12-турдан соң ПСЖ 36 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орындағы «Лилльден» 11 ұпайға озып тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или