Саян Хамитжанов: «Астана» екінші жыл қатарынан УЕФА Жасөспірімдер Лигасында ойнайды»

Саян Хамитжанов: «Астана» екінші жыл қатарынан УЕФА Жасөспірімдер Лигасында ойнайды»

«Астана-2001»футболдан Қазақстан Республикасы Біріншілігі аясында өткізген үш ойында, 9 ұпай жинап алтын жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, елорда жастары келесі маусымда УЕФА Жасөспірімдер Лигасында ел намысын қорғайтын болады. «Астана» Президенті Саян Хамитжанов осы жеңіс туралы өз пікірімен бөлісті:

- 2018 жылдың күзі «Астана» футбол клубы үшін нағыз «алтынға» айналды! Бүгін біздің футбол орталығының 2001 жылы туған жастардан құралған командасы алтын жүлдеге қол жеткізді.

Сергей Андреевич Гниненко пен Павел  Сергеевич Халезов бастаған бапкерлер құрамы мен ойыншыларды осы айтулы жеңіспен құттықтаймын! Соңғы маусымдарда біздің футбол орталығының жастары ел біріншілігінде лайықты деңгейде нәтиже көрсетіп, жеңістерімен қуантып келеді. Осы маусымда біздің 2006 жылғы және 2001 жылы туған жасөспірімдерден құралған командаларымыз алтын жүлдеге ие болып үлгерді.

Айта кетейік, біздің 17 жасқа дейінгі командамыз екінші маусым қатарынан ҚР Біріншілігінде жеңіске жетіп, УЕФА Жасөспірімдер Лигасында ойнауға мүмкіндік алып отыр. Бұл өте жақсы дәстүр!

Осы жастардың ішінен үш ойыншы дубль құрамында жиі алаңға шығып қана қоймай, Премьер-Лига аясындағы «Шахтерға» қарсы кездесуде – Әділжан Дүйсембаев, Даниил Пичкарев және Станислав Басманов дебютті ойындарын өткізіп үлгерді. Станиславтың әкесі Игорь ұзақ уақыт бойы Қазақстан Премьер-Лигасында біздің қаланың командалары сапында шабуылшы болған.

Осы жеңіс, үлкен футболдағы жас ойыншылардың алғашқы қадамы болып, өз еңбек жолдарына серпін береді деп ойлаймын. Және жақын уақытта біздің футбол орталығының тәрбиеленушілері «Астананың» негізгі құрамының ойыншыларына айналатынына сенемін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или