«Астана 2001» Қазақстан Чемпиондары!
Астанада 2001 жылы туған жасөспірімдерден құралған футбол орталықтары мен академиялары командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">«Астана» алғашқы турда «Ертісті» 3:1 есебімен жеңсе, одан кейін «Ордабасы» командасын 4:1 есебімен ұтты.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Павел Халезов пен Сергей Гниненко шәкірттері соңғы ойын күнінде «Оңтүстік Академиясына» қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойында Станислав Басманов пен Қалмағамбет Жасасын көзге түсті.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осылайша, «Астана» Қазақстан чемпионы атанып, келер жылы УЕФА Жасөспірімдер Лигасында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Жалпы біріншілік қорытындысы бойынша «Астана» сапынан Әлімханов Дамир «үздік қақпашы» атанса, Станислав Басманов «үздік ойыншы» атанды.</span>