«Астана» - «Яблонец» кездесуінің билеттері сатылымға шықты
Қазақстанның бес дүркін чемпиондары, Шығыс Еуропаның ең үздік командаларының бірі «Астана» футбол клубы УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясындағы «Астана» - «Яблонец» арасындағы маусымның ең маңызды ойындарының біріне сіздерді арнайы шақырады!

Ойын 8 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы: 21:50-де. Кешікпеулеріңізді сұраймыз! Бұл ойын 14 ел мен 3 құрлықта тікелей эфирде көсетіледі.

Билеттердің онлайн сатылымы ticketon.kz сайтында.

Сондай-ақ, билеттер Астанадағы «Marwin» және «Meloman» дүкендерінде сатылды.

Билеттің бағасы бар болғаны 1 500 теңге!

«Астана Арена» стадионы кассаларының жұмыс режимі:

3 - 4 қараша – 10.00 - 18.00 аралығы

5, 6, 7 қараша – 10.00 - 19.00 аралығы

8 қараша – 10.00 - 23.00 аралығы