Журналистер «Алтын Допты» Рибериге беруші еді
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Алтын Допты» сыйлығында журналистердің дауысы ғана саналса «Бавария» мен Франция құрамасының ойыншысы Франк Рибери жеңіске жетуші еді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
1956-2009-жыл аралығында «France Football» басылымы «Алтын Доп» иегерін журналистер арасында анықтайтын. Ал, 2010-шы жылдан бастап дауыс беру сауалнамасына ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары қосылды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Кеше, Цюрихтегі жылдың үздік футболшысын марапаттау рәсімінде Криштиану Роналду жеңіске жетті. Дегенмен, бұның алдында ғана Франк Рибери сауалнамада көш бастаған болатын, ал нәтижесінде француздық ойыншы Роналду мен Лео Мессиге жол беріп, үшінші орынды қанағат тұтты.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или