26 жастағы қытай жігіті «Интер» клубын сатып алды

26 жастағы қытай жігіті «Интер» клубын сатып алды

Италиялық «Интер» футбол командасының президенті болып 26 жастағы кәсіпкер Стивен Чжан тағайындалды. Осыған дейін оны индонезиялық бизнесмен басқарған, деп хабарлайды  Prosports.kz сайты Nur.kz порталына сілтеме жасап.

«Клуб, оның мүшелері мен қала сізді қатты күтті. Қош келдіңіз, президент Чжан», - деп жазылған «Интердің» Тwitter парақшасында.

Еске салсақ, «Интер» акциясының бақылау пакеті Стивеннің әкесі Чжан Цзиньдунның иелігінде болатын. Оның отбасы соңғы екі жылда клубтың беталысын бақылап отырған. Ал Чжандарға дейін футбол клубын индонезиялық кәсіпкер Эрик Тохир басқарып келді.

Ал «Интер» клубы Италиялық А сериясындағы тізімде тоғыз тур ойыннан кейін үшінші орында келеді. «Нерадзурри» чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үш ойыннан кейін екінші орынға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или