Дәурен Ысқақов: Мүмкіндік алғанымызға ризамыз

Дәурен Ысқақов: Мүмкіндік алғанымызға ризамыз

Осы кездесуде дебют жасаған ойыншылардың бірі 19 жастағы қорғаушы Дәурен Искаков. Елорда командасының қорғаушысы кездесу аяқталғаннан кейін клубтың баспасөз қызметіне матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Біз үшін қиын кездесу болды. Біріншіден, алаң сапасы сын көтермегендіктен, допты бақылауда ұстау мүмкін болмады. Екіншіден, бізге қарсы жасы үлкен, тәжірибесі мол команда ойнады. Дегенмен, біз лайықты деңгейдегі ойын үлгісін көрсетуге тырыстық. Мен өзімнің досым, Рамазан Каримовтың Премьер-Лигадағы алғашқы голын соққанына қуаныштымын.

- Бұл сенің ҚПЛ-дағы алғашқы ойының. Өзіңнің дебютті ойыныңа қандай баға бересің?

- Егер ойын барысындағы сәттер болса, оған негізі бапкерлер құрамы баға беруі керек деген ойдамын. Әрине, ойынның нәтижесіне көңіліміз толған жоқ. Себебі, 3:1 есебімен жеңіліп қалдық. Алайда, Қарағандыдағы кездесуде алаңға шыққан ойыншылар, өз мақсаттарына жетуге бір қадам жасады деп сенемін. Бұл біздің Премьер-Лига аясындағы соңғы ойынымыз болмауы тиіс.

- Осы ойынға бір күн қалғанда Сіздер Екінші Лиганың чемпионы атандыңыздар. Бұл нәтиже «Шахтерға» қарсы ойын алдында қосымша мотивация болды ма?

- Біздің бұл кездесуге деген құлшынысымыз өте жоғары болды. Себебі, көп ойыншылар, олардың ішінде мен де бармын, осындай деңгейде алғаш рет ойнап тұрмыз. «Шахтерға» қарсы ойын, өзімізді көрсетіп, дәлелдеуге берілген өте жақсы мүмкіндік. Премьер-Лига командаларына қарсы ойындар, бізге мол тәжірибе болары анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или