Алматыда футболдан Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді
Қарашаның 1-і мен 6-ы аралығында алып шаһарда футболдан жасөспірімдер арасында Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған xалықаралық жарыс өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды.
Теңбіл доп додасына ОСДЮШОР (Шымкент), «Жас Қыран» (Алматы), ДВУФК (Днепропетровск, Украина), «Дордой» (Бишкек, Кырғызстан), «Пахтакор» (Ташкент, Өзбекстан) және Академия «Орзу-2026» (Душанбе, Тәжікстан) командалары қатысады.
Ойындар заманауи «Jas Qyran» футбол орталығының стадионында өтетін болады (Брусиловский көшесі, 134 а).
Естеріңізге сала кетсек, бұл турнирдің былтырғы жеңімпаздары болып «Қайрат» футбол клубы атанды. Ал, бірінші жылы Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы чемпион болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или