Қазақстандық бала атақты футболшылармен кездесті
Қазақстандық мүгедек бала Әли Тұрғанбеков франциялық ПСЖ командасының атақты футболшыларымен кездесу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Жарық дүние есігін екі аяқсыз ашса да Әли өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Ол футболмен айналысқанды жақсы көреді. Осы жолы Неймар, Кавани, Мбаппе қатарлы жұлдыз ойыншылармен жолықты.

Жас Әли өзінің қуанышты көңіл-күйін Instagram желісіндегі парақшаларында жазды.
- Достар, бұл өте керемет сәт болды! Құдіреті күшті Құдайға ризамын! Бұл менің орындалмас арманым секілді еді, мен ғана емес көптеген ұлдардың да арманы екеніне сенімдімін. Міне, менің осы сәтке қолым жетіп отыр. Дұғалар маған көмектесті деп есептеймін!, - деді.