Месси жаттығуға кірісті

Месси жаттығуға кірісті

Бүгін «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси жасыл алаңдағы жаттығуын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, жарақат алғанына 11 күн болған атақты футболшы қалпына келу жаттығуын бастаған.

Естеріңізде болса, аргентиналық шабуылшы 20 қазан күні Испания Ла лигасының 9-шы туры аясында «Севильяға» (4:2) қарсы өткен ойында жарақат алған болатын.

Айта кетейік, Месси осы маусымда 12 ойынға қатысып, 12 гол соқты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или