«Лестер» қожайынымен қоштасты. ФОТО

«Лестер» қожайынымен қоштасты. ФОТО

Лестерде тікұшақ апатынан қаза болған Виший Шривадханапрабхемен қоштасу рәсімі өтті.

Кеше «Лестер» ойыншылары King Power стадионында клуб қожайыны Вишай Шривадханапрабхемен қоштасты. Шривадханапрабхе сенбі күні <span>«Вест Хэмге» қарсы болған матчтан кейін тікұшақ апатынан қаза тапқан болатын. </span>

<span>«Лестер» қожайынынан бөлек, тікұшақта экипаждың екі мүшесі Нусар Сукнамаи мен Кавепрон Пунпар, пилот Эрик Сваффер мен пассажир Изабелла Роза Лечович болған. Тікұшақта болған адамдардың бәрі де қайтыс болды.</span> 

Вишайдың ұлы Айяватт мен оның жары Аймон алаңның ортасына гүл шоқтарын әкеп қойды.

<span>Айяватт</span> әкесінің орнына «Лестер» ФК қожайыны болады деп күтілуде. 

«Сен мүмкін болмаған таңғажайып ертегіні шындыққа айналдырдың. Саған мың алғыс! RIP. Сені ешқашан ұмытпаймыз», – делінген мемориалдағы хаттарда.

«Лестердің» бұрынғы ойыншысы Рияд Марез «Тоттенхэм» мен «Ман Сити» кездесуіндегі соғылған жалғыз голды Вишай Шривадханапрабхені қазасына арнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или