Криштиану Роналду - «Алтын Доп» иегері

Криштиану Роналду - «Алтын Доп» иегері

Швейцарияның Цюрих қаласында «Алтын Доп - 2013» салтанатты марапаттау рәсімі аяқталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы ең үздік бапкерлер мен футболшылар белгілі болды. Бұдан өзге, ең әдемі гол және тағы басқа сыйдың иегерлері анықталды.

Алдымен, ФИФА былтырғы маусымның үздік командасын жасақтады. Зепп Блаттер, Зинедин Зидан мен Михаэль Баллак жыл командасына енген футболшыларды марапаттап шықты.

Үздік ойыншылардан жасақталған жыл командасы мынадай:

Қақпашы: Мануэль Нойер («Бавария», Германия құрамасы),

Қорғаушылар: Филипп Лам («Бавария», Германия құрамасы), Серхио Рамос, («Реал Мадрид», Испания құрамасы), Тиагу Сильва («ПСЖ», Бразилия құрамасы), Дани Алвес («Барселона», Бразилия құрамасы)

Жартылай қорғаушылар: Андрес Иньеста («Барселона», Испания құрамасы), Хави («Барселона», Испания құрамасы), Франк Рибери («Бавария», Франция құрамасы)

Шабуылшылар: Криштиану Роналду (Реал Мадрид», Португалия құрамасы), Златан Ибрагимович (ПСЖ», Швеция құрамасы), Лионель Месси («Барселона», Аргентина құрамасы)

Артынша, ФИФА президенті Зепп Блаттер  футболға қосқан үлесі үшін Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Роггеге жеке сыйды тату етті. Онымен қатар алтыншы қаңтар күні өмірден озған атақты португалдық футболшы Эйсебионы да еске алды.

Содан соң, әйелдер командасының үздік бапкерін анықтады. Бұл жеке номинация да Германия ұлттық құрамасының бапкері Сильвия Найд жеңіске жетті.

Енді кезек ерлер арасындағы үздік бапкерге келді. Аталған сыйға үш үміткер таласты: МЮ-дің бұрынғы бапкері Алекс Фергюссон, «Баварияның» экс-жаттықтырушысы Юпп Хайнкес және «Боруссияның» бапкері Юрген Клопп. Жылдың үздік бапкері болып мюнхендік команданың бұрынғы бапкері Юпп Хайнкес атанды.

«Маусымды тамаша өткіздік. Менің командам бұл менің отбасым. Қазірде оларды қатты сағынамын. Дегенмен, үлкен спортпен жеңімпаз ретінде қоштастым. Мен баққытымын», - деді Юпп Хайнкесс.

Кейін, Ауғанстан футбол федерациясы "Fair Play" жүлдесін жеңіп алды. Бұл сыйды Зепп Блаттер АФФ президенті Раим Кирамутдинге ұсынды.

Артынша, жылдың ең әдемі голын анықтады. Златан Ибрагимович, Неманья Матич пен Неймар соққан голдар үміткерлер қатарында болды. Дегенмен, жылдың ең әдемі голын ПСЖ шабуылшысы Златан Ибрагимович соқты.

Осы жылдан бастап, Алтын допты марапаттау рәсіміне "Үздік спортшы" жаңа номинациясы қосылды. Ата-аңызға айналған Эдсон Арантис ду Насименту "Пеле" бұл сыйдың алғашқы иегері атанды. Әлемнің үш дүркін чемпионы, жиырмасыншы ғасырдың ең үздік футболшысы Пеле, 1281 гол соққан әлемдегі жалғыз футболшы.

«Бұл сый менің өмірімде ерекше орын алады. Бұрында Оңтүстік Американың үздік футболшысы ғана атанғанмын. Ол кезде Әлемнің үздік футболшысы деген жоқ болатын. Алайда, осы сыйды осыған толықтай теңесем болады», - деді атақты Пеле.

Енді кезек әйелдер арасындағы үздік футболшыны марапаттау рәсіміне келді. Үміткерлер үшеу – Надин Ангерер, Марта мен Эбби Вамбах. ФИФА-ның шешімен бұл жүлдені Надин Ангерер ұтты.

Сондай-ақ, барлығы күткен әлемнің үздік футболшысын анықтауға да кезек келіп жетті. Алтын Допқа өзара Франк Рибери, Лионель Месси және Криштиану Роналду таласты. Дегенменде, "Реал" мен Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду әлемнің ең үздік футболшысы атанды.

«Әріптестеріме, отбасыма үлкен рахмет. Бұл жүлдені енді ешқашан ұтпаймын деп ойладым,  бірақ қазір мен қуаныштымын. Мені қолдаған барлық жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Өмірден озған Эйсебиоге, анама, қызыма бәріне үлкен рахмет», - деді 2013 жылдың үздік футболшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или