Бразилияда футболшыны айуандықпен өлтіріп кетті
Бразилияда белгісіз бәз біреулер 24 жастағы «Сан-Паулу» ойыншысы Даниэл Фрейтесті айуандықпен өлтіріп кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі УралПолит порталына сілтеме жасап.
Футболшының денесі Куритиба өлкесіндегі орманнан табылған. Қаскөйлер ер адамның мойнына екі мәрте пышақ сұғып, басын денесінен бөліп тастаған. Оған қоса, футболшыны өлтірмес бұрын қылмыскерлер оның жыныс мүшесін кесіп тастаған. Оған қоса, Фрейтестің денесінен гематомалар табылған.
Қазіргі таңда оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, футболшының туысқандарынан түсініктеме алынып жатыр.
А сериясында өнер көрсеткен 24 жастағы ойыншының өлімі туралы «Сан-Паулу» <span>ресми мәлімдеме жасады.</span>
SPFC deeply regrets the death of midfielder Daniel Corrêa Freitas. The Club offers its sincere condolences to his family and friends.
— São Paulo FC (@SaoPauloFC_eng) 29 октября 2018 г.
<span> <br /></span>