«Реал Мадрид» тізгініндегі 137 күн

«Реал Мадрид» тізгініндегі 137 күн

«Реал Мадридтің» бас бапкері Хулен Лопетеги «Барселонадан» (1:5) ірі есеппен жеңілген соң қызметтен қуылды, деп жазады prosports.kz.

«Корольдік клубтың» тізгінін биыл жазда ғана ұстаған испаниялық маман өз міндетін ойдағыдай атқара алмады. Үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасын жеңген команда бүгінгі таңда жығып-сүрініп жүрісі мандымауда. Ла лигада 10 турдан кейін 14 ұпай ғана жинап, турнирлік кестеде 9-шы орында тұр.

Құрамында 8 бірдей <span>«</span>алтын допқа<span>»</span> үміткер ойыншы бар командаға бұл нәтиже лайық емес екені сөзсіз. Сол себептен 52 жастағы бапкер жұмысынан қуылып отыр. 

Лопетеги «Реал» тізгінін 14 мауым күні қолға алған. Мадридтік команданы баптау үшін ол Испания құрамасын бастап Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен де қағылды. Алайда, осынша көп бодаумен келген бас бапкерлік қызмет баянды болмады. Бар болғаны 137 күнге ғана жалғасып, көзі ашып-жұмғанша өте шықты. Осы аралықта Хулен бапкер команданы 14 ресми ойынға бастап шықты. Өкініштісі 6 ойында ғана жеңіске жете алды. 6 матч жеңіліп, 2 мәрте тең тарқасты. 

Әлемдегі ең үздік клубтардың бірі саналатын <span>«Реал Мадрид» үшін бұл нәтиже әрине лайықсыз. Сол үшін де </span> оның қызметтен босауын заңды құбылыс деп есептуге болады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или