Серхио Рамос: Лопетегиге өлгенше қолдау көрсетеміз

Серхио Рамос: Лопетегиге өлгенше қолдау көрсетеміз

«Реал Мадридтің» капитаны Серхио Рамос Испания чемпионатының 10-турында «Барселонадан» (1:5) ірі есеппен жеңілген соң бас бапкер Хулен Лопетегиге қолдау білдірді.

«Бас бапкерге қатысты шешім – біздің ісіміз емес. Біз тағайындалған бапкерге өлгенше қолдау көрсетеміз. Ал жақын арада не боларын көре жатармыз. Клуб басшылығы қабылдайтын шешімді құрметтеуіміз керек», - деді Рамос.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, «Реалдың» бас бапкері Хулен Лопетеги жақын арада қызметінен кетеді. Оның орнына италиялық Антонио Конте келеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или