Лопетеги «Реалда» қалғысы келеді

Лопетеги «Реалда» қалғысы келеді

«Реал» футбол клубының бас бапкері Хулен Лопетеги Барселондан жеңілгеннен кейін қызметтен кету туралы ой қозғады. Бұл туралы «Р-Спорт» хабарлады.

Испания чемпионатының оныншы туры Барселонаның ірі жеңісімен аяқталды. Камп-ноуда жергілікті команда қарсыласын 5:1 есебімен жеңді.

Лопетегидің сөзінше, қызметтен кету туралы ойы жоқ.  Бас бапкер бар жағдайды түзей алатынына сенімді.

«Менің жұмысымдағы шешімді мен қабылдамаймын. Әрине, маған дәл қазір өте қиын. Десекте, қазір бар-жоғы қазан айы, біз олқылықтардың орнын толтырамыз деген ойдамын, менің командамның қарым-қабілеті оған жетеді. Артқа қарамай, алға жылжу керек»,-деді Х.Лопетеги.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или