«Тобыл» - Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 31-турында «Тобыл» өз алаңында «Астананы» қабылдады.
Астаналық клуб бұл ойын алдында Қазақстан чемпионы атанып қойған болатын. Сондықтан бұл кездесуде екінші құрамын шығарды. Ал «Тобыл» бұл ойында жеңетін болса, біріншіліктің қола жүлдесін еншілейтін.
Ойынның бірінші жартысында есеп ашылған жоқ. Ал 59-минутта Азат Нұрғалиев алаң иелерін алға шығарды. Бұл матчтағы жалғыз гол болатын. Қорытынды есеп – 1:0, «Тобыл» ел чемпионатының қола медалін жеңіп алды.
Осылайша, футболдан ел Премьер-лигасының жүлдегерлері анықталды. Алтын жүлде «Астанаға» бұйырса, күміс медальді «Қайрат» еншіледі, «Тобыл» қола жүлде иесі аталды.
«Тобыл» - «Астана» 1:0 (0:0)
Гол: Нұрғалиев 59
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или