«Лестер» қожайынының тікұшағы футбол стадионы маңында апатқа ұшырады

«Лестер» қожайынының тікұшағы футбол стадионы маңында апатқа ұшырады

«Лестер» футбол клубының иесі Вишаю Шривадданапрабхе отырған тікұшақ ойыннан кейін дәл стадион маңында апатты жағдайға ұшыраған. Әуе кемесі көлік тұрағына құлап түскен. Бұл туралы Nur.kz жазды

Оқыс оқиға 27 қазан күні «Лестер» - «Вест Хэм Юнайтед» ойынынан кейін орын алды. Тікұшақ алаңның дәл ортасынан ұшып, тіпті матчтан кейінгі телебағдарламаның трансляциясына түсіп қалған болатын.

Әуе кемесі стадионды ұшып өтіп, оның маңындағы көлік тұрағына құлап өртенген. Анықталғандай, тікұшақтың артқы винті істен шыққан. 

Оқиға орнына бірден құтқарушылар мен жедел жәрдем келіп жетті.

Тікұшақ бортында ұшқыш пен Вишаю Шривадданапрабхеден басқа «Лестердің» директоры болған.

Әзірге, олар туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или